Ата-аналар мектепке бөлінген қаражатты көре алады

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев айтты.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасымен мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын, ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы іске қосылды.
Аталған жоба азаматтарға бюджет қаражатының жұмсалуын қадағалаумен қатар, нақты бір бағыттар мен салаларға мемлекеттен қаражат бөлу туралы ұсыныс жасауға мүмкіндік береді.
Картаның мүмкіндіктері:
— бюджеттерді салалары, категориялары мен мақсаттары бойынша бөліп саралау;
— әрбір мекемеге бөлінген қаражат туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
— бөлінген бюджет қаражаттың жұмсалуы туралы құжаттаманы жұртшылыққа таныстыру;
— мекемелер мен олардың бюджеті жөнінде азаматтардың пікірі мен шағымдарын қабылдау.
Бұл жобаның негізгі мақсаты – мемлекеттік мекемелердегі бюджет қаражатының жалпы сомасын ғана жариялап қана қоймай, қанша қаражаттың қандай мақсатта және қашан жұмасалғандығы туралы егжей-тегжейлі деректерді жұртшылыққа жария түрде ұсынып отыру. Ұсынылған деректер растаушы құжаттарын қоса тіркеу арқылы берілуі қажет. Сонда ғана «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасының жұртшылық үшін де, мемлекет үшін де тиімділігі мен пайдасы арта түспек.
Мысалы, ата-аналарға мектептегі жөндеуіне жоспарланған қаржы қызық. Осыған орай, картада азаматтар үшін әр бір сыныпқа қарастырылған құрылыс заттары, жөндеу жұмыстары, кеңселік тауарлар және т.б. толық ашылып көрсетілетіндей жағдай жасап отырмыз.
«Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» арқылы қажетті мемлекеттік мекемелердің бюджеттерімен танысамыз десеңіздер, https://publicbudget.kz порталына кіріп, өз пікіріңізді немесе сауалыңызды қалдырсаңыз болады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.