Озық ойлы жастарға мүмкіндік берген орталық

Тараз қаласында ақпараттық технология саласы мамандарын даярлау, жоғары технологиялық жобаларды құру мақсатында «Taраз HUB» ақпараттық технологиялар орталығы жұмыс жасауда.

Бұл орталықтың тағы бір ерекшелігі – мұнда ақпараттық технология саласында қызмет ететін бірқатар жамбылдық компаниялар шоғырланған.

– Бұл еліміздегі Нұр-Сұлтан қаласындағы «Astana HUB» ақпараттық технология орталығынан кейінгі екінші құрылым. Бұл орталық арқылы дәл осы салаға бейімделген коммерциялық ұйымдар тек өз мүмкіндіктерін еселеумен айналысады. Олардың құжаттарын реттеу, әкімшілік есеп қисаптарын жүргізу толығымен орталық әкімшілігінің еншісінде,–дейді орталық директоры Нұрсұлтан Темірханов.

«Taраз HUB» ақпараттық технологиялар орталығының жетекшісі айтуынша бұл мекеме жас әрі озық ойлы кәсіпкерлерді қолдауда тек кеңсе бөлмелерін арзан бағада жалға беріп қана қоймайды. Орталықтың ұйытқы болуымен компьютерлік бағдарламаушылар арасында «хакатон» деп аталатын сайыстар өткізілмек. Байқау жеңімпаздарына арнайы гранттар да тағайындалады. Бұл гранттарды жас кәсіпкерлер өздерінің бизнес-идеяларын іске асыруға жұмсайды.

Ал орталықтың fab-зертханасы өңір мектептеріндегі робототехника кабинеттерімен тығыз байланыста жұмыс жасап жатыр. Сонымен қатар мұнда робототехникадан дәріс оқитын ұстаздар да біліктілігін жетілдірмек.

Қазір мұнда 30-ға жуық стартап-компания жұмыс жасауда

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.