Ауыз су мәселесі шешілуде | arainews.kz

Ауыз су мәселесі шешілуде

168

Тұрғындарды таза ауызсумен қамту бағытында елді мекендерде де еңсерілген жұмыс көп. Мәселен Жамбыл облысы Шу ауданы Шу қаласы бойынша қазіргі таңда 7,0 мыңнан астам халық тұратын «Қосқұдық» алқабының сумен қамту жүйелері құрылыс жобасы әзірленіп, сараптама қарауына тапсырылып отыр. Жобаның құны шамаман 300-350,0 миллион теңгені құрайды. Жоба толықтай нақты іске асырылған жағдайда қала тұрғындарының 80 пайызы орталықтандырылған су құбыр жүйесінің игілігін көретін болады.

Бұдан бөлек, бірқатар ауылдық елді мекендерде биыл жүзеге асырылатын, қаржысы бөлініп қойылған 8 жаңа жоба бойынша мердігерлер анықталып, жұмыстары басталуда. Олардың қатарында Шу ауданындағы Мойынқұм ауылы да бар.

Бұдан басқа, салалық министрлікке 2020-2022 жылдардағы республикалық бюджеттен қаржы бөлуге 5 ауданның 14 ауылдық елді мекеніне жаңа су құбыр жүйелері құрылысын салу үшін 7090,2 миллион теңгеге өтінімдер тапсырылды.

Облыста ауыз сумен қамтылмаған елді мекендерді 2020-2022 жылдары ауыз сумен қамту жоспары әзірленген, жергілікті бюджет қаражаты есебінен жыл сайын жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленіп, сараптама қорытындылары алынған соң, құрылыс-монтаж жұмыстарына қажетті қаржы қарастыру үшін республикалық бюджетке ұсыну жоспарлануда. Сонымен қатар, халықаралық қаржы ұйымдары, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, коммуналдық кәсіпорындар есебінен, басқа да көздерден қаржы іздестірілмек.

Өңіріміздегі елді мекендерді ауыз сумен қамту ісі облыс әкімінің тұрақты бақылауында, осы мәселе бойынша жиындар жиі өткізіліп, мүдделі тараптарға тиісінше тапсырмалар жүктелуде.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.