Оқу жылының басында жаңа мектеп ашылды | arainews.kz

Оқу жылының басында жаңа мектеп ашылды

406

1 қыркүйек – білім күні қарсаңында Шу ауданының мектептері тағы білім ошағымен толықты. Шу қаласындағы шиырланған жолы бар Тоғай мөлтек ауданы баршаға таныс.  Аталған мөлтек ауданның бір мәселесі мектептің аздығы болатын. Биыл бұл мәселе шешіліп, 300 орындық жаңа мектеп тұрғындар игілігіне берілді. Жобалық құны 1,3 миллиард теңгені құраған мектепке Т.Рысқұлов мектебі көшірілді.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Н.Календеров ұстаздар мен оқушыларды, ата-аналарды білім күнімен құттықтап, жаңа мектепте жарқын жетістіктерге жетулеріне тілек білдірді. Әрі облыс әкімі А.Мырзахметовтың құттықтауын жеткізіп, мектепке түрлі-түсті теледидар сыйлады.

Сондай-ақ саналы ғұмырын білім саласына сарп еткен зейнеткер-ұстаз Сейітқасым Бекетаев сөз алып, жиналғандарды жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, ақ батасын арнады. «-Оқуымды аяқтап, арнайы жолдамамен Шу ауданына келдім,содан  ширек ғасыр қаладағы Төле би атындағы мектеп ұстаздық еттім, директор болдым. Қалалық білім саласын басқардым. Біздің кезеңмен қазірге кезеңді салыстыруға келмейді. Бүгінде бәрі жаңа технология. Сендерге айтарым, математиканы меңгерінде, ҰБТ-ға бүгіннен бастап дайындалындар, сонда еңбектерін нәтижелі болады. Жаңа оқу жылдарын жемісті болсын», деп сөзін түйідеді Сейітқасым Бекетайұлы.

Мектеп құрылысын жүргізген мердігер компания өкілі Дана Әшімбекқызы символикалық кілтті мектеп директоры Айгүл Серікқызына тапсырып, компания атынан арнайы сыйлық табыстады.

Ардагер ұстаз С.Бекетаев пен облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров мектептің ашылу салтанатына арналған лентаны қиып, оқу ғимаратының ішкі безенімен танысты.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.