Өздеріңізге белгілі бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Стратегиялық маңыздылығы мен белгілі бір мерзімде нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталған Президентіміздің алғашқы жолдауында еліміз қажет ететін бір қатар күрделі мәселелердің шешімі қамтылып отыр.
Әсіресе, білім беру сапасын жақсарту тұрғысында айтылған нұсқаулықтарымына біз, білім саласы қызметкерлерінің көңілінен шығып отыр. Жолдаудағы мәселелер қарқынмен жүзеге асс,а елімізде жұмыссыз жүрген жастардың саны азайып, білімді, кәсіби қабілеттілігі жоғары жастар саны артары сөзсіз. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы өз сөзінде, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыру керек,- депатапөтті. Расында қазір ауылдық жерлердегі білікті педагог кадрлардың тапшылығы айқын байқалады. Сондықтан бұл жолдада біздің оқу орыны атқарылып жатқан жұмыстарды одан әрі күшейтіп, белсінділікті арттырмақ.
Жолдауда атап көрсетіліп, үкіметке тапсырма ретінде берілген – білім және жұмыспен қамту, еңбек ақыны көбейту, халық табысын арттыру, мемлекеттік қызмет көрсетулердің жақсаруы – міне, адам капиталын инвестициялауға жасалған осы шаралардың бәрі қазақстандықтардың өмір сапасының артуына кепіл болары сөзсіз.
Енді айтылған міндеттерді қажырлы еңбекпен, бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Нәтижесінде, мемлекетіміздің даму жолытағы да бір сатыға көтерілетіні анық.
Ерболат Әмірбекұлы,
Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры