Облыста екі тоннаға жуық есірткі тәркіленген | arainews.kz

Облыста екі тоннаға жуық есірткі тәркіленген

131

Облыста екі тоннаға жуық есірткі тәркіленген. Оның 9 келіге жуығы есірткінің аса ауыр түріне жататын героин мен 96 келісі гашиш.

Полицейлер мұнша ірі көлемдегі есірткі заттарын 9 ай ішінде заңсыз айналымнан шығарған. Аймақта сонда да қылмыстық жолмен жеңіл ақша тапқысы келетіндер азаяр емес. Есірткі өсіріп, дайындап, тасымалдайтындарға қатысты 593 қылмыстық іс қозғалған.

Полицейлердің айтуынша, облыста әсіресе сатумен айналысатындар көп. Жыл басынан бері 2 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесіліп, тергеу жалғасуда. Қазір тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Республикалық барлық бағыттағы негізгі жолдарға арнайы бекеттер қойылып, көліктер күндіз-түні тексеруден өткізілуде.

— Солтүстік мекендерге көп кетеді. Қазіргі таңда нағыз жинайтын науқан кезі. Жинап, бүгінгі күнде соларды тасымалдап шығаратын кездері. Өте күшейтілген режимде. Өйткені біздің Шу алқабында 30-дан астам арнайы жасақталған бүркітіміз бар. Солар күнделікті тәулік бойынша жұмыс жүргізілуде, – дейді есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Асхат Алметов.

24.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.