Некені тіркеуге электрондық өтініш беру | arainews.kz

Некені тіркеуге электрондық өтініш беру

72

Неке қию-адам өміріндегі ең маңызды және есте қаларлық кезеңдердің бірі. Үйлену тойына дайындалумен қатар, болашақ жұбайларда некенің тіркелуін қалай дұрыс ресімдеу, қандай құжаттарды дайындау, қайда жүгіну және қандай нәтиже болатыны туралы сұрақтар туындайды. Бұл сұрақтарға жауаптар осы макалада жинақталған.

Онлайн кызмет алу үшін қайда жүгіну қажет?

1)eGov.kz порталы –Некені тіркеуге электрондық өтініш беру
2)АХАТ (АХАЖ)

Қызметті онлайн алу

Некені тіркеуге өтініш берушіге:
Порталда авторизациядан өтіп «Онлайн сұратым» батырмасын басыңыз.
Өтінімде ерінің/зайыбының ЖСН көрсету және неке тіркелетін ЖАО тіркеу бөлімін таңдау.
Өтінімге ЭЦҚ қою (электронды цифрлық қолтаңба) қажет.
Болашақ ерінің/зайыбының өтініш беруді растауын алу. Өтініш 48 сағаттан артық емес растауды күтуі мүмкін, одан кейін күшін жояды.

Некені тіркеуді растаушыға:
Порталда авторизациядан өтіп және «Қызметтерді алу тарихы» тарауында қол қоюды күту сұранымын таңдау.
Өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ қою (электронды цифрлық қолтаңбамен).
«Электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің бетіне «Төлеу» батырмасы бойынша өтіп, төлемді жүргізу.
Өтінімге ЭЦҚ қою (электронды цифрлық қолтаңбамен).

Талап етілетін құжаттар

ЭЦҚ болуы және порталда тіркелу;
Құжаттар талап етілмейді.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекске сәйкес неке – бұл ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туындататын, отбасын құру мақсатында Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тараптардың еркін және толық келісімімен жасалған еркек пен әйел арасындағы тең құқықты одақ
Сонымен қатар, егер жұп алғаш рет некеге отырса және оларда балалары жоқ болса, онда олар электрондық үкімет порталының онлайн-қызметінің көмегімен некені тіркеуге электрондық өтініш жібере алады. Ол үшін өтініш берушілердің екеуінде де ЭЦҚ болуы және оларды  eGov.kz порталында тіркеу қажет. Бұл әдіс, мысалы, болашақ ерлі-зайыптылар бір қалада болмаса немесе басқа себеппен бірге АХАТ (АХАЖ)-ға келе алмайтын жағдайда ыңғайлы.

Руслан Абдылдаев,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы
бойынша филиалының Бірыңғай байланыс орталығының маманы

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.