Мың бұралған бишілер сынға түсті | arainews.kz

Мың бұралған бишілер сынға түсті

189

Тараз қаласындағы «Баласағұн» ОКЗ-да К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының ұйымдастыруымен Облыстық «Би керуені – 2019» хореографиялық ансамбльдер конкурсы ұйымдастырылды.

Аталмыш конкурсқа 13 би ансамбльдері қатысты. Ал Қазылар алқасының құрамында Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы «Ақкербез» би ансамблінің бишісі, халықаралық конкурстардың лауреаты Қайрат Болысбек, Шымкент қаласы опера және балет театрының бишісі, Түркістан облыстық филармониясы «Қазына» би ансамблінің бишісі, хореограф-магистр, халықаралық конкурстардың лауреаты Абылай Нуридинов болды. Тараз қаласындағы Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің хореографы, қазылар төрайымы –  Ботагөз Мещерская.

Әділ шешім бойынша, Бас жүлдені «Шолпы» би ансамблі алды. Ал І орын иегерлері «Аққу» би ансамблі. ІІ орынға «Әдемі-ау» би ансамблі және «Нұр Шашу» би ансамблі жайғасты. ІІІ орынды «Томирис» би ансамблі және  «Асу» би ансамблі місе тұтты.

Жеңімпаздар арнайы алғыс хатпен марапатталып, ақшалай жүлделер алды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.