Жас табиғат зерттеушілерінің облыстық форумы өтті | arainews.kz

Жас табиғат зерттеушілерінің облыстық форумы өтті

217

Тараз  қаласының  №53 мектеп-гимназиясының базасында  облыстық  «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумы өтті

Форумға аудандық, Тараз қалалық және облыстық білім басқармасына қарсты мекемелерден «Табиғатты аяла»  жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің форумдарындағы  жеңімпаз 160 оқушы қатысты.

Білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу мақсатында өткен форумда оқушылар 7 номинация бойынша жұмыс істеді.

Барлық номинация бойынша 52 оқушы жүлделі орындар алды, командалық жұмыстар бойынша өткен 6 команда дипломдармен марапатталды.

Форумның соңында қатысуушылар тілек шарларын ұшырды.

Жеңімпаздар 10-13 маусым аралығында Қарағанды қаласында өтетін республикалық форумға қатысады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.