Мереке қарсаңында ҚАЖ қызметкерлері марапатталды | arainews.kz

Мереке қарсаңында ҚАЖ қызметкерлері марапатталды

52
Бүгін Ықылас Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінде 7 мамыр – Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты жиын өтті. Сахна төріне әуелі еліміздің Мемлекеттік Туы салтанатты жағдайда шығарылып, Мемлекеттік Гимні шырқалды. Салтанатты жиынға Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет полковнигі Нияз Рыспаев қатысты. Мерекелік шараға, сондай-ақ департаментке бағынысты №25 мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиев, мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұлов, мекеменің жеке құрамы қатысты.
Департамент бастығы өз сөзінде Отан қорғаушылар күні – ел әскерінің қуаты мен айбынын айғақтайтын мереке, еліміздің тыныштығын қорғап жүрген ерлерімізді ұлықтайтын күн екенін атап өтті.
– «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» деген қаһарман Бауыржан Момышұлының рухты сөзін өмірлік ұстанымына айналдырған сарбаздар қашан да ел мақтанышы болып қала береді.
Еліміздің бейбітшілігі мен жарқын болашағы үшін атқарып жатқан игі істеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін, – деді Нияз Рыспаев.
Салтанатты жиында қызметте алдыңғы қатардан көрінген сала қызметкерлері марапатталды. Олардың қатарында №25 мекеменің қызметкерлері – әділет майоры Динара Мусаева, әділет майоры Даурен Жексенбиев, әділет капитаны Гулжан Ибраимова, әділет капитаны Талғат Сарсенбеков «ҚР полициясына 30 жыл» мерекелік төсбелгісін иеленді. Сонымен қатар салада ұзақ жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан қызметкерлер мен ардагерлер де мерекелік марапаттан құр қалмады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.