Мектеп директоры із-түзсіз жоғалып кетті | arainews.kz

Мектеп директоры із-түзсіз жоғалып кетті

200

Ақтөбе облысының Алға ауданындағы Қарақұдық орта мектебінің директоры жоғалып кетті.

Қарақұдық ауылынан түскен хабарлама бойынша 31 жастағы Бақтыгерей Тәжмағамбетов пен 30 жастағы Нұржан Маханов өткен сенбі күні балық аулауға шығып, үйге қайта оралмаған.  Ақтөбелік еріктілер бүгін өзен жағасын тінтіп шықты.

«Туыстары хабарласып, үш күннен бері байланыса алмағанын айтты. Бүгін еріктілер олар демалған өзен жағасына барып, бірінің күртесін тапты. Сондықтан еріктілер оларды өзеннен іздеу керек деп есептейді», — дейді еріктілер тобының жетекшісі Екатерина Голотина.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.