Түзеу мекемесінде «ашық есік» күні өткізілді | arainews.kz

Түзеу мекемесінде «ашық есік» күні өткізілді

130

Бүгін Жамбыл облыс прокуратурасының ұйымдастыруымен Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №25 мекемесінің өндіріс аумағында жаңа ақылы жұмыс орындарын ашу мақсатында «Ашық есік» күні өткізілді. Аталған жиынға, Жамбыл облысы прокуроры, Жамбыл облысы ҚАЖД, Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы, Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, Тараз қаласы әкімдігі, Даму кәсіпкерлікті дамыту қорының Жамбыл облысы аймақтық филиалы, шағын және орта бизнес субъектілерінің өкілдері қатысты.
Бұл кездесудің басты мақсаты – жазасын өтеп жатқан сотталғандарды кәсіпке баулу, тәрбиелеу және де мемлекет пен жеке тұлға алдындағы талап-қарыздарын өтеуге септігін тигізу болып табылады. Сонымен қатар, сотталғандарды жаңа кәсіп түрімен баули отырып, босатылып шыққаннан кейін қоғамға тез бейімделуіне септігін тигізеді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.