Қымыз өндірісіне ден қойып отыр | arainews.kz

Қымыз өндірісіне ден қойып отыр

136

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласында қазақтың қадым заманнан бергі тұрмыс тіршілігінің жылқы малымен байланысты екені айтылады. Қамбар ата түлігін қолға үйреткен де қазақтар. Тіпті оның сүті сан түрлі дертке шипа болатындығын айтып, күнделікті қымыз ішу де қазақтың күнделікті дағдысына айналдырған.Үйірілген сары алтындай сары қымыз, ауруға емес, сауға қуат дәрі қымызға – ХХІ ғасырда сұраныс күшейіп отыр. Осыны ескерген шаруалар жылқы сүтін кәсіпке айналдыра бастады.

Мәселен, Меркі ауданында да  «Ар-Ас» серіктестігі тау қымызын шөлмектерге құйып, саудаға шығаруда. Енді, Алатаудың бөктерінен нәр алған қымыз еліміздің түрлі қалаларындағы дүкен сөрлеріне жол тартуда.

Бүгінде шаруашылық 100 бие сауып, күніне 500 литр бие сүтін шөлмектерге құйып, саудалауда. Дайын өнім ауданғы  дүкендер мен Алматы, Астана қалаларына тасымалданып жатыр екен. Сондай-ақ, дұрыс дайындалған қымыз тұнбайды. Үш айға дейін сақтауға жарамды,-дейді шаруашылық басшысы.Серкітестікте қазіргі таңда  50 адам жұмыспен қамтылған. Екі сауыншы биелерді әр екі сағат сайын электрлі құрылғы көмегімен сауып отырады. Биелер күніне 3 литрге дейін, ал Ресей мен Белорусь жылқыларын бұдандастыру арқылы шыққан биелерден 7 литрге дейін сүт алынады екен.

Аталған шаруашылық мал қыстату науқанына да сақадай сай. Жем-шөбі қамдалған. Тіпті, 60 биені құлынымен ұстайтын қора-жай да соғыпты. Ендігі мақсат, қымыз бизнесінің көкжиегін кеңейту.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.