Әлеуметтің әлеуетін арттыру – маңызды іс | arainews.kz

Әлеуметтің әлеуетін арттыру – маңызды іс

373

Биыл Тараз қаласында әлеуметтік салаға 35 миллиард 775,7 миллион теңге бөлінген. Яғни, қала бюджетінің 49,9 пайызы бағытталып отыр. Оның ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету шығындарына 4 миллиард 319,6 миллион теңге қарастырылған.

– 2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында 2 миллиард 446,2 миллион теңгеге 10242 отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді. Оның ішінде 2804 отбасына 113,2 миллион теңгеге тұрғын үй көмегі, 7438 отбасының 37184 адамына 2 миллиард 333,0 миллион теңгеге атаулы әлеуметтік көмегі тағайындалып, төленді. Жыл басынан бері белсенді жұмыспен қамту шараларымен 3875 азамат қамтылды. Оның ішінде мемлекеттің қолдауынсыз бос орындарға 1727 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 31 адам, жастар тәжірибесі бойынша 323 адам және қоғамдық жұмыс орындарына 709 адам, қысқа мерзімді кәсіптік курстарға 905 адам, шағын несие беру бойынша 9 адам және инфрақұрылымдық жобалар бойынша 171 адам орналасқан. Осы жұмыспен қамтылғандардың ішінде 1727 адам тұрақты жұмыс орындарына орналасты, – дейді Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев.

Есепті кезеңде уәкілетті жұмыспен қамту органына ресми түрде жұмысқа орналасуға 4615 адам өтініш білдірсе, оның 2961-і жұмыспен қамтылыпты. Бұдан бөлек 2019 жылға қоғамдық жұмыстарына 186,3 миллион теңге бөлініп, 630 адам жолдануы жоспарланған. Осы жылы қоғамдық жұмысшылардың жалақысы 56350-63750 теңгені құрайды. Ағымдағы жылдың басынан ақылы қоғамдық жұмысқа жұмыссыздар қатарынан 709 азамат қатыстырылды.

Бүгінгі күнге зейнеткерлер саны 45 898 адамды құраса, мүгедектердің саны 16 330 адам. Оның ішінде I- топ – 1473, II — топ – 6675, III топ – 5523 және 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны – 2659 адамды құрайды.

Тағы бір айта кетерлігі, биыл мүмкіндігі шектеулі 75 азаматты жұмыспен қамту жоспарланса, қаңтар-тамыз айларында 176 азамат жұмыспен қамтылды. Оның ішінде: ақылы қоғамдық жұмыстармен – 37 адам, жастар тәжірибесімен – 12 адам, 76 адам тұрақты жұмыспен және қысқа мерзімді оқумен – 51 адам қамтылды.

Қазіргі уақытта қала бойынша жұмыссыздық деңгейі 5,8 пайызды, ең төменгі күн көріс деңгейі 27 840 теңгені, орташа номиналды айлық жалақы 131 458 теңгені құрады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.