2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына қылмыстық істер үшін жазаны қатаңдататын түзетулер енгізілді.
Заңнамадағы түзетулердің көпшілігі жеке тұлғаның құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған. Атап айтқанда, қылмыстық заңнамаға жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, балаларға қарсы қылмыстар, браконьерлік және басқа да жеке тұлғаға қарсы ауыр қылмыстар мәселелеріне қатысты өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға өзгерістер енді.
Мысалға, Зорлау және нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері үшін жазаны қатаңдату: енді зорлау үшін 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылады (бұрын 3 жылдан 5 жылға дейін болған). Жас балаларға қатысты жыныстық әрекеттер үшін енді 20 жыл бас бостандығынан айыру немесе өмір бойы қамау түріндегі жаза көзделген.
Енді бұл қылмыстар ауыр санатқа ауыстырылды. Осыған байланысты тараптарды татуластырмай, іс міндетті түрде сотқа жетеді.
Жыныстық қатынасқа мәжбүрлегені үшін 1 жылдың орнына бұдан былай 3 жылға дейін түрмеге отырғызады. Егер кәмелетке толмаған адамға қатысты мәжбүрлеу болса – 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қолданады. Мұндай қылмыстарды хабарламау және жасыру енді 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру мерзімімен жазаланатын болады. Жыныстық қарым-қатынас жасауға түрткі болу, қорқыту немесе мүлікті зақымдау жыныстық іс-қимыл жасауға шақыру болып табылады.
Сондай-ақ, Жол ережесін бұзу туралы заңға енгізілген өзгерістер. Енді мас күйінде жол ережесін бұзуды қарастыратын жеке бап бар.
Мас күйінде адамның денсаулығына орташа және ауыр зиян келтіруге әкеп соққан жол апаты үшін енді 3 жылға дейін жүргізуші құқығынан айырумен бірге 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылады.
Адам өліміне әкеп соққан мас күйінде болған ЖКО үшін енді 10 жылға дейін жүргізуші құқығынан айырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін; егер апатта 2 және одан да көп адам қаза болса, қамауға алу мерзімі 7 жылдан 10 жылға дейін өзгереді, ал жүргізуші құқығынан өмір бойы айырылады.
Автокөлікті мас күйінде, жүргізуші куәлігінсіз жүргізгендер жеке санатқа бөлінген. Мұндай жүргізуші үшін жаза қатаңдатылады: Жүргізуші құқықтарысыз және мас күйінде жүргізгені үшін оған өмір бойы көлік айдау құқықтарынан айырып, 5000 АЕК (13 млн 255 мың теңге) көлемінде айыппұл салу арқылы 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасап, денсаулығына орташа және ауыр зиян келтіргені үшін жүргізушіге 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру, өмір бойы жүргізу құқығынан айыру қаупі төніп тұр.
Жоғарыда жазылған жағдайларда өліммен аяқталған апат үшін енді 7 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырып өмір бойы жүргізу құқықтарынан айырады; егер бірнеше адам қаза болса — 8 жылдан 10 жылға дейін қамауға алынады.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің
ЖД-158/2 мекемесі