Құжаттардағы мәліметтерді түзетуге болады | arainews.kz

Құжаттардағы мәліметтерді түзетуге болады

7

Қазақстандықтар eGov mobile қосымшасында жеке тұлғалардың акт жазбаларын тексеру кезінде құжаттардағы мәліметтерді түзете алады. Жаңа қызмет туу, некеге тұру және бұзу, бала асырап алу, әке болуды анықтау, аты-жөнін өзгерту (өзі үшін), қайтыс болу туралы деректерді өзектендіруге мүмкіндік береді.
Қызметті пайдалану үшін eGov mobile қосымшасын ашу қажет. Әрі қарай:
— қызметтер қойындысын ашу;
— қызметтер каталогында «Туу, неке және өлім» — АХАЖ АЖ «мәліметтерді өзектендіру»;
— акт жазбасының түрін таңдау;
— «іздеу» түймесін басу;
— егер деректер көрсетілмесе, «мәліметтерді өзектендіру» батырмасын басу қажет (егер деректер көрсетілсе, «өзекті мәліметтер» батырмасын басу қажет);
— әрі қарай қызметке қол қою керек.

Қызмет көрсету нәтижесі мәртебелік бетте орналасқан АХАЖ ақпараттық жүйесінің мәліметтерін өзектендіру туралы ақпарат болып табылады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.