Жер учаскелерін онлайн аукцион арқылы сату | arainews.kz

Жер учаскелерін онлайн аукцион арқылы сату

66

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ЦДИАӨМ, АШМ, Әділет министрлігі, Қаржы министрлігі, «ҰАТ» АҚ және облыс әкімдіктерімен бірлесіп, жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрын әзірлеу және енгізу мақсатында мемлекеттік жер учаскелерін электрондық сауда-саттық арқылы сату бойынша пилоттық жобаны іске қосты.

Бұл әдіспен Қызылордадағы үш учаске сатылды. Оның біреуі 2,8 миллион теңгеден астам соммаға сатып алынды, қалған екеуі 246 мың және 396 мың теңгеге айналды. Айта кетейік, сауда-саттыққа кез келген қазақстандық қатыса алады. Бастапқы баға жер учаскесінің кадастрлық құны негізінде анықталады.

Онлайн-сауданың барлық процесі ашық өтеді, оның нәтижесіне ешкім де әсер ете алмайды. Бұл жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлықты жоюдың алғашқы қадамы болып отыр. Жобаның ауқымы бүкіл елді қамтитын болады.

Келесі онлайн-аукцион 8 шілдеде Ақтөбе қаласында өтеді, онда бірнеше жер телімі сатылымға шығарылды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.