Құрметті Тараз қаласының тұрғындары! | arainews.kz

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!

34

Құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында Тараз қаласының прокуратурасы ЕСКЕРТЕДІ!

Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі 2020 жылғы 25 мамырда қабылданған арнайы Заңымен реттеледі. Онда жиналыстар, митингілер мен пикеттер үшін хабарлама жасау тәртібі көзделген.

Заңсыз акцияның ұйымдастырушысы немесе қатысушысы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 488-бабының 6 және 7-бөлімдері бойынша 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін айыппұл түрінде немесе 15 тәулікке дейін қамаққа алу түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылады, ал қайталап жасаса жаза одан да ауыр (70 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін айыппұл және 25 тәулікке дейін қамаққа алу) болады.

Егер әрекеттерінде азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірумен қатар жүрсе, 50 тәулікке дейін қамаққа алуды көздейтін қылмыстық жауаптылық (Қазақстан Републикасының Қылмыстық кодексінің 400-бабы) басталады.

Осыған орай, заңдылықты бұзушылықтарға жол бермеуді және заңда белгіленген жауаптылық туралы түсіндіре отырып, Сіздерге жоғарыда көрсетілген заң талаптарын сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және жаппай қоғам болып жиналып қолдау көрсету туралы ойларыңыздан, жиналыстарды, митингілерді, демонстрацияларды, шерулерді, пикеттерді не өзге де жария іс-шараны ұйымдастырудан және (немесе) өткізуден, қатысудан бас тартуға шақырамыз.

Құқық қорғау органдарымен заңдылықты бұзушылықтың алдын алуға және жедел түрде заңмен белгіленген тәртіппен қылмыстық қудалауға дейін шаралар көрінетін болады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.