ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары Жуалы ауданында жұмыс сапарымен болды

46

Жуалы ауданында Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясының мүшелері Зәуреш Аманжолова мен Бақытгүл Хаменова жұмыс сапарымен болды.

Парламент Мәжілісінің депутаттарын аудан әкімі Бақтияр Көпбосынов пен аудандық мәслихат хатшысы Ерғали Тілеубеков «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолы бойында орналасқан «Мәңгілік Ел» саябағы алдынан қарсы алды. Бақтияр Бейсембайұлы ауданның 90 жылдығына орай ашқалы отырған саябақтың құрылыс жұмысымен таныстырды. Сондай-ақ, олар саябақтың қасындағы «Жуалы ауданының Құрметті азаматтары» аллеясында аралап көрді. Депутаттар аудан орталығына кіре берістегі көріктендіру, көгеріштендіру бағытында жасалып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.
Бұдан кейін Парламент мәжілісінің депутаттары аудан орталығындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында болып, орталық жұмысымен танысты. Орталықтың жұмысы туралы Халыққа қызмет көрсету орталығының директоры Мақсат Зиябеков айтып берді.
Бұл мекемеден шыққан соң депутаттар «Жасай бер, Қазақстан!» аллеясына бет алды. Олар Жұлдызы биік жуалылықтар монументінің алдына тоқтап, ауданнан шыққан азаматтармен танысты. Соның ішінде Зауреш Жұманәліқызы өзінің де бейнесін көріп, жерлестерінің ілтипатына алғысын білдірді.
Парламент мәжілісінің депутаттары Қазақстан Республикасының тұңғыш Еңбек Ері есімін иеленген Аягүл–бөбекжай балабақшасында да болды. Оның жұмысымен балабақша меңгерушісі Гауһар Махамбетова таныстырды. Балабақшаны аралау кезінде депутаттар тәрбиеші Гүлнар Ақкулиеваның қарауындағы «Ботақан» тобының өнерін тамашалады. Олардың биіне қол соғып, қошемет көрсетті.
Ол жерден шыққан соң аудандық орталық ауруханаға соқты. Аурухана алдында мекеменің бас дәрігері Батихан Алпысбай қарсы алып, аудандық орталық аурухананың жұмысымен таныстырды. Мұнда Зәуреш Жұманәліқызы аурухананың Цифрлық Қазақстан жүйесінің қай деңгейде орындалып жатқанынмен және парталдың жұмысымен танысты. Депутат шалғай ауылдарда тұратын сырқаттарды ары бері екі ортада сандалтып қоймас үшін электронды нұсқада сырқаттың құжаттарын жіберуді қолға алуды таспырды. Сонымен қатар парталға қойылып, отаға түскен кейбір сырқаттардың кейінгі тағдыры белгісіз, оған анализ жасалып отыруы керектігін ескертті.
Осыдан кейін аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде ашылған «Коворкинг» орталығында болды. Орталық жұмысымен аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Бақыт Қанаева таныстырды. Соңынан орталықта аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде Парламент мәжілісінің депутаттары Зәуреш Аманжолова мен Бақытгүл Хаменова Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы, Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» және Президентіміздің бес әлеуметтік бастамасы турасында сөз қозғап, аудан тұрғындарын ашық пікір-алаңына шақырды. Жиынды аудан әкімі Бақтияр Көпбосынов қорытындылады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.