Көкнәр «кептіруді» кәсіп қылғандар қолға түсті
Жамбыл облысында 40 килограмм есірткі заты тәркіленді.
Меркі және Т.Рысқұлов аудандары аралық Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімдері мен Меркі АІІБ Жергілікті полиция қызметі қызметкерлерімен «Көкнәр-2018» жедел іздестіру іс-шарасы барысында Меркі ауданынан бұрын ҚР ҚК 259-бабы бойынша сотты болған 57 жастағы Тараз қаласының және 24 жастағы Шу қаласының тұрғындары ұсталды.
Оқиға орнын қарау барысында екі полипропилен қабына қапталған жалпы салмағы 40 келіден аса «кептірілген марихуана» есірткі заты тәркіленген.
Нәтижесінде күдіктілер кінәсін толық мойындап, Меркі АІІБ-ның уақытша қамақта ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Қазіргі таңда ҚР ҚҚ 296-бабы 4-бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.