Халықтың көсегесін кәсіпкерлік көгертеді | arainews.kz

Халықтың көсегесін кәсіпкерлік көгертеді

216

Кәсіпкерлік саласын дамыту елдегі бірқатар мәселелерді шешудің негізгі жолы. Атап айтқанда, жеке бизнесті дамыта отырып, халықтың тұрмыс сапасын арттырып қана қоймай, жұмыссыздық мәселесін тиімді шешуге болады. Бұл тұрғыда, Шу ауданында ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар жасалған.

2019 жылдың 9 айында аудан бойынша жалпы тіркелген 7775  кәсіпкерлік нысандарында 10 320  адам жұмыспен қамтылған. Барлық шағын және орта кәсіпкерлік саласы бойынша өндірілген өнім көлемі 20 млрд 249 млн 900 мың теңге,  ол жалпы шығарылған өнім көлемінің  26,0 пайызын құрады.

– Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау тетіктері бойынша 2019  жылдың 9 айында 5821 адамға 3 млрд. 608 млн. 308 мың 950 теңге несие берілді. Оның ішінде, «Микрокредиттік ұйым-Шу» ЖШС-і тарапынан кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 2019 жылдың 9 айында 71 адамға 129 млн. 278 мың теңге несие берілді. «Микрокредиттік ұйым-Шу» ЖШС-нің Тараз қаласының филиалы Шу бөлімшесінің тарапынан 2019 жылдың 9 айында 5700 адамға 3 млрд 082 млн. 990 мың 950 теңгеге несие берілді. «Шу несие серіктестігі» ЖШС-і тарапынан 2019 жылдың 9 айында 50 шаруа қожалыққа 396 млн. 040 мың теңге несие берілді, – дейді аудан басшысы Жарылқасын Айтақов кәсіпкерлік саласын дамыту бойынша атқарылған жұмыстар туралы.

Бұдан бөлек, аудандағы бизнестің тынысын ашуға «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында 2019 жылдың 9 айында  10 жеке кәсіпкер  35 жаңа жұмыс орынымен 183 млн 841 мың теңге несие алған.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.