«Бір пара – екі қылмыскер» акциясы өтті | arainews.kz

«Бір пара – екі қылмыскер» акциясы өтті

361

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және Облыстық Полиция Департаментімен бірлескен «Бір пара – екі қылмыскер» сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған акция өтті. Іс-шара аясында, «Пара берме» және заң нормалары жазылған стикерлер 100-ге жуық патрульдік полиция көліктеріне жабыстырылды. Сонымен қатар, жеке көлігі бар жүргізуші азаматтарға жемқорлықтың алдын алу бағытындағы ақпарат парақшалары таратылды. Мұнан өзге, 12 мөлтек ауданы 12 үйде орналасқан полиция бөлімшесінде «Аулада қабылдау» акциясы аясында, Тараз қаласы Жергілікті полиция қызметінің бастығы Сәбит Мамытбеков және «Жамбыл – адалдық алаңы» кеңсесінің менеджері Нұрлан Сұлтанмұрат азаматтарды қабылдады. Қоғамдық қабылдауда қала тұрғындарының мәселелері тыңдалып, құқықтық кеңестер берілді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.