18 маусым аты әлемге танылған ұлы тұлға, Оңтүстік Африка Республикасының бұрынғы президенті Нельсон Манделаның туған күні. 2009 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы қарар қабылдап, 18 шілдені «Нельсон Манделаның халықаралық күні» ретінде атап өтуге шешім қабылдаған. Бір ғасырдан астам уақыт бұрын дүниеге келген саяси қайраткердің қайшылыққа толы ғұмыры, бейбітшілік пен бостандыққа қосқан зор үлесі әлем халықтарына өнеге.
Нельсон Мандела өмірінің 67 жылын бейбітшілік, гуманизм, азаттық және адам құқығы істеріне жұмсаған. Нәсілдік кемсітушілік режиміне қарсы күрес жолында 27 жыл түрмеге қамалды. Абақтыда отырып-ақ, Лондон университетін сырттай бітіріп, заң ғылымдарының бакалавры атанды. Жастайынан білімге құштар Манделаның адам құқығы үшін жан аямай күрескен бейнесі көпшіліктің есінде.
Халықаралық атаулы күнге орай Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтармен сұхбат өткізілді. Жиын барысында мекеме тәрбие бөлімі бастығының міндетін атқарушы, әділет аға лейтенанты Жансерік Әбдіқаппаров сотталғандарға Нельсон Манделаның өмір жолы жайлы кең көлемде мағлұмат берді. Сонымен қатар, оның жазаны орындау жүйесін дамытуға қосқан үлесі жайлы сөз қозғап, жазасын өтеушілерге тәртіп бұзбаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, оларды тура жолға түсуге ынталандыру мақсатында жаттығаулар жасалды.
Сұхбаттан соң сотталғандар арасында шахмат турнирі ұйымдастырылды.