Жазасын өтеушілерге кәсіптік білім туралы диплом тапсырылды | arainews.kz

Жазасын өтеушілерге кәсіптік білім туралы диплом тапсырылды

81

Сотталғандарды әлеуметті ортаға қайта бейімдеу – көкейтесті мәселелердің бірі, оның шешімі тек құқық қорғау органдары емес, нақты мемлекет және азаматтық қоғам институттарына тәуелді. Бұл мәселе әсіресе Білім және ғылым министрлігі мен оқу орындарымен тығыз байланысты.

Шетелдік тәжірибені пайдалана отырып, Қазақстан сотталғандарды әлеуметтік бейімдеудің жеке процесін әзірлеген еді. Ол арқылы сотталғандар абақтыда отырып кәсіптік білім ала алады. Олар бостандыққа шыққан кезде өзгелер сияқты жұмыс істеп кетуі үшін осындай жағдай жасалған.

Аталмыш жағдай көптеген жазасын өтеушілерге кәсіптік және техникалық білім алып, дипломын иеленуге мүмкіндік беріп отыр. Осыған орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға кәсіптік білім алғаны туралы құжаттар тапсырылды. Түзеу мекемесінің жанындағы №15 техникалық және кәсіптік білім колледжінің «жиһаз ісі» мамандығы бойынша 23 сотталған азамат аяқтап, аталған оқу орнының дипломын алды. Оқу құжатын мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұлов тапсырды. Аталған азаматтар күндізгі оқыту негізі бойынша білім алған.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.