Халық қалаулысы атқарған жұмысының есебін берді | arainews.kz

Халық қалаулысы атқарған жұмысының есебін берді

18

«AMANAT» партиясы Байзақ аудандық филиалына қарасты «Мерей» бастауыш партия ұйымында жиналысы өтті.
Жиналыстың күн тәртібі бойынша партия мүшесі, Байзақ аудандық мәслихатының экс-депутаты Гулбахрам Ермекова партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының 2021-2022 жылдарға белгіленген көрсеткіштерінің орындалу барысы және депутат ретінде атқарған жұмыстары туралы қорытынды баяндама жасап, атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Сонымен қатар ол өзі төрағалық ететін «Білім, тілді дамыту, мәдениет, ұлттық және азаматтық келісім, жастар ісі және спорт мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының да жұмысын тілге тиек етті.
– Комиссия мүшелері күнделікті жұмыстарынан тәжірибе жинақтап, белсенділіктері арта түсуде. Тұрақты комиссия мүшелері комиссия отырысында талқыланған мәселелермен қатар депутаттық сауалдар жолдау арқылыда аудандағы өзекті мәселелерге қозғау салуда. Солардың бірқатарына тоқтала кететін болсақ, Базарбай ауылында бүгінгі күн талабына сай мектеп салу қажеттігі туралы депутаттық сауал жолдаған едім. Ол мәселе қаралып, мектеп салу жұмысының қаралу үстінде екені туралы жауап алдым, – деді Г.Ермекова.
Жиынға қатысушылар тарапынан көрсеткіштердің орындалуына байланысты және қаладағы жол, ауыз су, тазалық мәселелері бойынша бірқатар сұрақтар көтеріліп, заңнама аясында жауаптар берілді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.