Экс-депутат атқарған жұмысының есебін берді | arainews.kz

Экс-депутат атқарған жұмысының есебін берді

60

«AMANAT» партиясы Тараз қалалық филиалына қарасты «Бәйтерек» бастауыш партия ұйымында жиналысы өтті.

Жиналыстың күн тәртібі бойынша партия мүшесі, Тараз қалалық мәслихатының экс-депутаты Мұрат Бердалиев партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының 2021-2022 жылдарға белгіленген көрсеткіштерінің орындалу барысы және депутат ретінде атқарған жұмыстары туралы қорытынды баяндама жасап, атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Жиынға қатысушылар тарапынан көрсеткіштердің орындалуына байланысты және қаладағы жол, ауыз су, тазалық мәселелері бойынша бірқатар сұрақтар көтеріліп, заңнама аясында жауаптар берілді.

Сондай-ақ жиналыстың күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша партияның Тараз қалалық филиалының кезектен тыс XXXV конференциясына бастауыш партия ұйымы тарапынан қатысуға делегаттар сайланды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.