ҚАЗТЕСТ сертификаттық тестілеуі мемқызметшілер арасында | arainews.kz

ҚАЗТЕСТ сертификаттық тестілеуі мемқызметшілер арасында

183

Облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығы» ұйымдастыруымен қыркүйек айының 24-28 аралығында мемлекеттік қызметшілер арасында ҚазТест сертификаттық тестілеуі өтуде.

         Елімізде  тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Қазтест» жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік тілді В1, яғни орта деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі 2018 жылы 30%, С1-жоғары деңгейінде 9%, мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы қызметкерлердің үлесі В1 деңгейінде 32%, С1 деңгейінде 8%-ға жеткізу көзделген.

ҚАЗТЕСТ жүйесі – Қазақстан Республикасындағы азаматтардың мемлекеттік тілді  меңгеру деңгейін бағалау жүйесі. ҚАЗТЕСТ жүйесі халықаралық тілдік білімді бағалаудың TOEFL, IELTS, DALF/DELF, DSH, CELI, TÖMER, ТРКИ және т.б. жүйелерінің қағидаттарына негізделген. Қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға бағытталған мұндай тестілеудің мақсаты – жалпы еуропалық стандартқа сәйкес  сөйлеу әрекетінің 4 түрі (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым)  бойынша дайындалған тестік тапсырмалар негізінде тілдік коммуникативтік құзіреттіліктерінің  А1, А2,  В1, В2, С1 деңгейлерін анықтау.

Ағымдағы жылдың 24-28 қыркүйек аралығында облыс әкімдігі  тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығы мен ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының ұйымдастыруымен облысымызда ҚАЗТЕСТ сертификаттық тестілеуі өткізіледі. Мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлерінен сертификаттық тестілеуге 345 қызметкер қатысады деп жоспарлануда.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.