«Дәмді TARAZ – FOOD TOURISM» фестивалі өтеді

67

«Рухани Жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының аясында 10-11 қазанда «Дәмді TARAZ – FOOD TOURISM» фестивалі өтеді деп жоспарлануда. Бұл туралы Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «ӨКҚ» алаңында өткен брифингте облыс әкімдігінің туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекова мәлемдеді.

Сондай-ақ, 10-12 қазан күндері «Тараз – Ұлы Жібек жолының қолөнершілер қаласы» халықаралық фестивалі, 9-10 қазанда Төрткөл сарай кешенінде «Қазақ ауылы» көрмесі, 8-12 қазан күндері әлемдік стилисттер мен киім дизайнерлерінің қатысуымен өтетін «Taraz Fashion Week» мода апталығы сынды көлемді іс-шаралар өткізіледі. Мұндай ірі көлемдегі халықаралық іс-шаралардың өткізілуі облысымызға туристерді көптеп тартатын болады.

Туризм саласын дамыту бойынша атқарылып жатқан кешенді жұмыстардың нәтижесінде облыста туристер легінің өсу динамикасы байқалуда.

2018 жылғы қаңтар-маусым қорытындылары бойынша облыста келушілерді орналастырумен шұғылданатын орналастыру орындарының саны 163 бірлікті құрады, ондағы орналастыру орындары саны 1861 бөлме, бұл ретте біржолғы сыйымдылық 3496 төсек-орынды құрайды. Олармен 55233 адамға қызмет ұсынылып, қызмет көрсетілген келушілердің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңде 8,2%-ға артты.

Есепті кезеңде орналастыру орындарында 760,8 миллион теңге сомасына қызмет көрсетілді, қызметтерінің көлемі өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 22,6%-ға артты.

2018 жылғы қаңтар-маусым қорытындылары бойынша резидент емес келушілердiң саны 52,9%-ға артты, резиденттер бойынша да 7,2%-ға өсті.

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асатын, ежелгі салт-дәстүрлерді жаңғырту мен облыстағы кәдесый өнімдерін өндіруді дамытуды көздейтін, Тараз қаласының орталық бөлігінде орналасқан «Шахристан» бұрынғы базарының орнында, жобалық құны 1,5 млрд. теңгелік «Көне Тараз шеберлері» қолөнершілер қалашығының құрылысы басталуда. Бүгінгі таңда жобаның эскизі әзірленіп, аумақты құрылысқа дайындау жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобаны іске асыру қолөнершілер жұмысын ынталандырып, кәдесый өнімдерін өндіру саласы бойынша кәсіпкерліктің дамуына үлкен серпіліс береді.

Сонымен қатар, «Тараз-Туризм» сайтын 4 тілде өзектендіру, туристік маршруттары бар интерактивті туристік картаны әзірлеу, туристік нысандарда QR-коды бар мобильді қосымшаларды дайындау бойынша белсенді жұмыстар атқарылуда.

zhambylnews.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.