ҚАЖ қызметкерлері жаздық киім үлгісіне көшті | arainews.kz

ҚАЖ қызметкерлері жаздық киім үлгісіне көшті

1 350

Бүгін Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінде жеке құрам қызметкерлерінің жазғы киім үлгісіне ауысу рәсіміне арналған саптық байқау өтті. Оның мақсаты — жазғы киім нысанына көшу, саптық дағдыны жетілдіру, саптық командаларды орындау кезінде реттілікті, сандай-ақ қатардағы және басшы құрамның нысандық киім үлгісін қатаң ұстануын қамтамасыз ету.

Департамент бастығының орынбасары әділет полковнигі Ескеев Бекболат Бөгембайұлы дайындық барысын пысықтады.
Саптық байқау барысында қызметкерлердің сыртқы түр — сипаты, үлгілік киімі, қызметтік куәліктерінің, айырым белгілерінің талаптарға сай болуы тексерілді. Сондай-ақ ҚАЖ қызметкерлерінің ұқыптылығы мен жинақтылығы, киімінің мұнтаздай тазалығы басты назарға алынды

Р. Бердияр, 

ЖД-158/2 мекемесі КСТ аға инспекторы

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.