Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері жаздық киім үлгісіне көшті | arainews.kz

Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері жаздық киім үлгісіне көшті

717

Жамбыл облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінің жеке құрамының қатысуымен жазғы киім үлгісіне ауысу рәсіміне арналған саптық байқау өтті.
Мекеме алдында жеке құрам сап түзеп, саптық байқауға тұрғызылды. Саптық байқауды мекеме бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиев басқарды.
Саптық байқау барысында қызметкерлердің сыртқы түр-сипаты, үлгілік киімінің талаптарға сай болуы тексерілді. Сондай-ақ, қызметкерлердің ұқыптылығы мен жинақылығы, шаш үлгісі, киімінің мұнтаздай тазалығы басты назарға алынды.
Жазғы киімге ауысу рәсіміне арналған жиын қызметкерлердің шеруімен аяқталды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.