ҚАЖ қызметкерлері Рәміздер күнін атап өтті | arainews.kz

ҚАЖ қызметкерлері Рәміздер күнін атап өтті

92
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнін барша қазақстандықтар айтулы мереке ретінде атап өтіп келеді.
Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері Мемлекеттік Рәміздер – Ту, Елтаңба, және Гимн Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың рухын, қаhармандығы мен даналығын, асқан арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.
Айтулы күнге орай Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекеменің жеке құрамы салтанатты түрде сапқа тұрып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын шырқады.
Іс-шара барысында мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұлов мекеменің жеке құрамын 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай бергей, әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болуына өз тілегін жеткізді.
– Мемлекеттік рәміздер – елдің ұлттық болмысын, дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытатын белгі. Біздің санамызға тәуелсіздік идеясын орнықтырып, патриотизмді қалыптастыруда, ұлттық бірлікті нығайтуда ерекше мәнге ие мемлекеттік рәміздеріміздің мерейлі мерекесіне биыл 31 жыл толады.  Айбынымызды асырған Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу әр адамның парызы. Әрқашан тәуелсіздігіміз  тұғырлы, бейбіт күніміз ғұмырлы,  еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын, –  деді Ә. Дәулетқұлов өз сөзінде.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.