Жер учаскелерін алу процестері цифрландырылды | arainews.kz

Жер учаскелерін алу процестері цифрландырылды

28

2023 жылдың 5 сәуірінде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы қабылданды.
Өткен жылдың 10 қазанынан бастап «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына сәйкес республикалық маңызы бар қалалар, Астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде электрондық форматта жер учаскесіне құқық беру қызметі жүргізілуде. Аталған қызмет облыс аумағында 4 қалада, яғни Тараз, Шу, Жаңатас, Қаратау қалаларында көрсетілуде.
Бұл ретте жерге тиісті құқық беру ҚР жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларынан және мемлекеттік органдардың өзге мәліметтерінен алынатын цифрлық ақпаратты көрсететін жария кадастрлық карта арқылы «электрондық үкімет» веб-порталында (www.egov.kz) жүзеге асырылуда.
Тұрғындар мен бизнес-құрылымдарының инфрақұрылымның жәй-күйі, электр-жылу-сумен жабдықтау мүмкіндігі, табиғи монополия субъектілері желілеріне қосылуға техникалық шарт беру секілді қызметтерді бір мезетте онлайн жүргізуге мүмкіндік береді.

Осы қызмет түрі арқылы келесідей өтініштер қабылданады:
ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес инвестициялық жобаларды іске асыру үшін;
өздеріне меншік құқығымен және (немесе) өзге де заттық құқықтармен тиесілі ғимараттарды (құрылыстарды, құрылыстарды) пайдалану және күтіп-ұстау үшін, оның ішінде іргелес аумақтағы ғимараттарды (құрылыстарды, құрылыстарды) кеңейту үшін;
ҚР Жер кодексінің 71-бабына сәйкес құрылыс мақсаттары үшін олар іздестіру жұмыстарын жүргізген аумақта ғимараттар (құрылыстар, құрылыстар) және олардың инженерлік-коммуникациялық желілерін салу үшін;
ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәулет және қала құрылысы органдары инженерлік желілерге қосылуға арналған техникалық шарттармен және сәулет-жоспарлау тапсырмасымен бірге беретін трассалар схемаларына сәйкес оларға меншік және жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық желілер мен жүйелерді салу үшін;
Кондоминиум объектісін пайдалану және күтіп ұстау үшін кондоминиум қатысушыларына;
Арнайы экономикалық аймақтың немесе республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысына, ҚР арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясына:
Теміржол, автомобиль, теңіз және ішкі су, әуе, құбыр көлігінің мұқтаждықтары үшін, байланыс және энергетика мұқтаждары үшін, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар өзге де объектілерді салу үшін;
ҚР Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген объектілерді, мемлекеттік мүдделерді және қоғамдық маңызы бар мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін инвестициялық жобаларды салу үшін;
ҚР Жер кодекстің 9-бабының 3-тармағына сәйкес отандық өнеркәсіп кәсіпорындарына;
Жекеше әріптестерге мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру үшін не концессиялық жобаларды іске асыру үшін;
Инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға;
Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру үшін өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне;
Жер кезегі келуіне байланысты жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге арналған өтініштер.
Бұл ретте кенттің, ауылдың және ауылдық округтің жері үшін және жердің қалған санаттары бойынша «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына сәйкес «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметі аясында жер берудің қолданыстағы тәртібімен беріледі.

Е.Карентаев
облыс әкімдігі жер қатынастары басқармасының басшысы

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.