Қазақстанның ауыр атлеттері әлемдік жарыстарға қайта оралды | arainews.kz

Қазақстанның ауыр атлеттері әлемдік жарыстарға қайта оралды

136

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің хабарлауынша, Халықаралық ауыр атлетика федерациясының атқарушы комитеті Қазақстан ауыр атлетика федерациясын бір жылға жарыстардан шеттеткен болатын. Өткен аптада жаза мерзімі аяқталды.

Допинг дауына ілінген ауыр атлетикадан Қазақстан құрама командасы АҚШ-та өткен әлем чемпионаты мен өзге де халықаралық турнирлерге қатысқан жоқ.

Өткен жұма күні, 19 қазанда Қазақстан ауыр атлетика федерациясының жаза мерзімі аяқталды.

Бір жылға созылған үзілістен кейін қазақстандық зілтеміршілер Ашхабадта өтетін лицензиялық әлем чемпионатына қатыспақ. Әлемдік дода 1-10 қараша аралығында өтеді.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.