Қазақстандық дзюдошылар «Grand Slam» турниріне қатысады | arainews.kz

Қазақстандық дзюдошылар «Grand Slam» турниріне қатысады

193

27-29 қазан күндері Біріккен Араб әмірліктерінің астанасы Әбу-Даби қаласында дзюдодан әлемдік «Grand Slam» кезеңі өтеді.

Әлемнің 64 елінен 400-ге жуық спортшы қатысатын додаға Қазақстан намысын 12 дзюдошы қорғайды. Олар:

Әйелдер: Галбадрах Отгонцэцэг (-48 кг)

Ерлер: Елдос Сметов (-60 кг)

Ғұсман Қырғызбаев (-60 кг)

Ерлан Серікжанов (-66 кг)

Елдос Жұмақанов (-66 кг)

Бекәділ Шаймерденов (-73 кг)

Дидар Хамза (-81 кг)

Ислам Бозбаев (-90 кг)

Азиз Қалқаманұлы (-90 кг)

Әділхан Қозыбаев (-100 кг)

Ерасыл Қажыбаев (+100 кг)

Ғалымжан Қырықбай (+100 кг).

Еске сала кетсек, Нассауда (Багама аралдары) дзюдодан жастар арасында өткен Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы аралас командалық сайыста қола медаль жеңіп алған болатын.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.