Қазақстандық дзюдошылардың әлемдік рейтингі анықталды | arainews.kz

Қазақстандық дзюдошылардың әлемдік рейтингі анықталды

114

Халықаралық дзюдо федерациясы Бакуде дзюдодан лицензиялық әлем чемпионаты аяқталған соң әлемдік рейтингті тағы бір жаңартты

Қазақ спортшыларының арасында ең жақсы нәтиже көрсеткен 66 келідегі Ерлан Серікжанов 36-шы орыннан 16-шы сатыға көтерілді.

Осы салмақтағы Елдос Жұмақанов 7-ден 9-шы орынға сырғыды. 60 келідегі Ғұсман Қырғызбаев алтыншы, Елдос Сметов 15-ші орында.  73 келідегі Жансай Смағұлов 9-шы, 81 келідегі Дидар Хамза 33-ші, 48 келідегі Галбадрах Отгонцэцэг 5-ші сатыда.

Еске сала кетейік, дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан дзюдошылары бір күміс, бір қола медаль жеңіп алды.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.