Қайрат Нұртастың фильмі Вашингтонда көрсетілгеннен кейін Лос-Анджелесте кинофестивальге шақырылды | arainews.kz

Қайрат Нұртастың фильмі Вашингтонда көрсетілгеннен кейін Лос-Анджелесте кинофестивальге шақырылды

15 547

Вашингтонда Avalon тарихи кинотеатрында Қазақстандағы әйгілі Қайрат Нұртас және Жұлдыз Абдукаримовамен басты рөлдерде «Арман/Когда ангелы спят» фильмінің көрсетілімі өтті. Көрермендер көз жасын жасырмады және көрсетілім аяқталғаннан кейін де ұзақ уақыт тарамады. Америкалықтар қазақстандық шығармашылыққа үлкен қызығушылық танытты және 25 қазанда фильм Лос-Анджелесте Дүниежүзілік Азиялық кинофестиваль аясында көрсетіледі.

Фильмнің бас продюсері және танымал отандық орындаушы Қайрат Нұртастың анасы – Гүлзира Айдарбекова Вашингтонға арнайы фильмді көрсетуге келді.

Американдық көрермендер фильмнің режиссурасының жоғары деңгейін және актерлердің, әсіресе басты рөлді орындаушы Жұлдыз Абдукаримованың ерекше ойынын атап өтті. Тәжірибелі режиссер және сценарий авторы Рашид Сүлейменовтың «толық метрінде» актерлік білім алған және «Періштелер ұйықтағанда» фильмінде басты рөлді сомдаған Қайраттың жұбайы Жулдыз үшін дебюттік жұмыс болды. 2017 жылы фильм қазақстандық прокатта фурор жасап, енді американдықтарды таң қалдырды.

«Вашингтонда біздің көрсетілімге келгендердің барлығына алғыс айтамын. Біз үшін, қоғам үшін маңызды тақырыптарды көтеру- үлкен абырой және мүмкіндік. Біздің фильмде жазасыздық пен қатыгездік мәселелері бейнеленген. Киномызда әдетте бізде айтуға болмайтын тақырып қозғалады: әділеттіліктің жоқтығы, сот жүйесінің жұмысындағы ауытқулар, зорлық-зомбылық. Менің ұлым Қайрат жұбайына қиын да маңызды рөлді сомдауға мүмкіндік берді. Фильміміз сіздердің жүрегіңізді жаулайды деген үміттемін», — деді Гүлзира Айдарбекова.

Америкалық көрермендер қазақстандық фильмді ерекше қызығушылықпен және толқумен көргенін атап өтті.

«Фильм керемет түсірілген. Актерлер керемет ойнады. Өте кәсіби көрсетілім. Актриса соншалықты шыншыл ойнайды, бұдан оның эмоциялары, уайымдары сезіледі. Залда барлығы толқыды, жылады. Фильм өте заманауи және әлеуметтік. Мен оны әлем бойынша барынша көп көрермендер көре алады деген үміттемін», — деп өз әсерімен бөлісті Вашингтон тұрғыны Меган Сифордс.

Продюсер сондай-ақ 25-ші қазанда Лос-Анджелесте өтетін атақты Азия кинофестивалінде арнайы көрсетілімдер үшін фильмді таңдап алғанын хабарлады.

kaz.zakon.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.