Қазақстан азаматтарына заңсыз уағыз жүргізген Ділмурат Абу Мухаммад Сауд Арабиясында тұтқындалды | arainews.kz

Қазақстан азаматтарына заңсыз уағыз жүргізген Ділмурат Абу Мухаммад Сауд Арабиясында тұтқындалды

276

Түркістан облысының тумасы Сауд Арабиясында қамауға алынды.

«Елімізде деструктивті салафилік діни ағым уағыздаушыларының белді мүшесі, заңсыз миссионерлік қызметпен айналысып келген Сарыағаш ауданының тумасы Ділмурат Махаматов Сауд Арабиясы Королдігі құқық қорғау қызметкерлері тарапынан тұтқынға алынды. Ол сол елде отырып интернет желісі арқылы Қазақстан азаматтарына заңсыз уағыз жүргізген»,- делінген Сарыағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ділмурат Махаматов «Ділмурат Абу Мухаммад» атымен интернет желісінде танымал болған. Ол елімізде ұлттық, нәсілдік алауыздықты қоздыру бабымен айыпталып отыр.

kaz.caravan.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.