Игілікті жоспар

Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев «билік халық алдында берген уәделерін орындауға міндетті, сондықтан сайлауалды платформаны жүзеге асырудың нақты жоспары әзірленетінін» айтқан болатын. Міне, сайлаудан кейінгі 10 күн ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 19 маусымдағы  №27 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасы және «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі  іс-қимыл жоспары бекітіліп отыр.         Сабақтастық, әділдік, өрлеу  бөлімдерінен тұратын іс-шаралар жоспары Президенттің сайлауалды бағдарламасында баяндалған Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы жөніндегі барлық міндеттердің нақты орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған. Көп векторлы, теңдестірілген сыртқы саясатты қамтамасыз ету жөніндегі Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жолын жалғастыруға бағытталған Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының жаңа тұжырымдамасы  қабылданатын болады.

Білімді ұлт: барлығы үшін білім берудің заманауи стандарттары дайындалатын болады. Атап айтқанда,  Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, білім және ғылым жүйесіне арналған шығыстар ұлғайтылады. Неғұрлым талап етілетін бағыттар бойынша кадрлар даярлау үшін жоғары, техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын кешенді жаңарту қамтамасыз етіледі.

Қосымша әлеуметтік кепілдіктерді, жүктемені төмендету мен есептілікті қысқартуды көздейтін нормалар енгізілетін «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы қабылданады.

20 жоғары оқу орны мен 180 мемлекеттік колледжді жаңғырту, неғұрлым талап етілетін мамандықтар бойынша кадрлар даярлаудың қазіргі заманғы бағдарламаларын енгізу, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру бойынша шараларды қамтитын «Жас маман» жобасын іске асыру жөніндегі қағидаларды бекітіледі.

Аз қамтылған және көп балалы отбасылар үшін кемінде 40 мың жалдамалы пәтер пайдалануға беріліп, Нұрсұлтан, Алматы, және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастар үшін үш жыл ішінде кемінде бір мың жалдамалы пәтер іске қосылатын болады.

Баса мән берілетін 10 маңызды бағыттар іске асырылатын іс-қимыл жоспары мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  айқындаған  мемлекеттік биліктің күшті, өкілетті Президент, ықпалды,  әрекетке қабілетті Парламент, халыққа есеп беретін Үкімет формуласының шын мәнінде жүзеге асырыла бастағанын көрсетеді.

Орынбаева  Жанар  Рымбековна
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің директоры,
Тараз қалалық мәслихатының депутаты

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.