Игілік баршаға!

13

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап халықаралық аренада Қазақстанның мүддесін қорғап, біздің дипломатиялық қызметімізді дамыту бойынша үлкен жұмыс атқарып, кезектен тыс ҚР Президенттігіне үміткер болып, сайлауда айқын басымдылықпен жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Кемелұлы сайлауалды бағдарламасын іске асыруды бастады.

Сайлауалды бағдарлама негізгі 3 бөлімнен, яғни Сабақтастық, Өрлеу, Әділдік тұрды. Сондай-ақ «Бірге» жалпыұлттық акциясы аясында халық өздерінің арыз-тілектерін тікелей президентке жіберуге мүмкіндік алды.

Қ. Тоқаевтың пікірінше, біздің бірінші кезектегі міндетіміз – қол жеткізген жетістіктерімізді жоғалтпау. Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері орасан зор. Олардың барлығы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты.

Елбасының басшылығымен Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы әзірленді. Еліміз өзгерістерге бағыт алды, біз қоғам өмірінің барлық салаларын ауқымды жаңғырта бастадық.

Тұңғыш Президент бағытының ел дамуының жаңа кезеңіндегі сабақтастығы,  барлық бағдарламалар мен бастамаларды мүлтіксіз тиімді жүзеге асыру – мемлекетіміздің одан әрі дамуын қамтамасыз етеді.

Халықтың бірлігі, барлық азаматтардың әл-ауқаты, рухани дамуы мен бейбіт сыртқы саясаты Қазақстанның басты құндылықтары болып қала береді.

Нұрсұлтан Назарбаев алғашқы күннен бастап тәуелсіз Қазақстанды әділ әлеуметтік мемлекет ретінде құрды. Әділдік – біздің мемлекеттілігіміздің берік іргетасы. Қ.Тоқаевтың пікірінше, біздің еліміздің жетістіктері мен экономикалық өсудің нәтижелерін әркім сезінуі тиіс. Игілік баршаға! Әділдік қағидасын Қ. Тоқаев дәл осылай түсінеді.

Барлық азаматтар үшін бірдей бастапқы мүмкіндіктер, жаңа жұмыс орындарын құру, отандық бизнесті қолдау, ауылды дамыту, үздік білім беру мен денсаулық сақтауды қамтамасыз ету Қ. Тоқаев жұмысының басты басымдықтары болып қала бермек.

Қ. К. Тоқаевтың айтуынша, еліміздің одан әрі табысы мен әл-ауқаты барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігі мен қоғамдық қауіпсіздік қамтамасыз етілген жағдайда ғана мүмкін болады.

Мемлекеттік органдардың өмірлік қиын жағдайда жүрген әйелдерді, балаларды, отбасыларды, ерекше қажеттіліктері бар жандарды, зейнеткерлерді қолдау және қорғау жөніндегі белсенді жұмысы күшейтілуі және азаматтардың осы санаттарының өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсартуға ықпал етуі тиіс. Мұның барлығы алдағы атқарылатын жұмыс.

Әлем өзгерді, біз де өзгердік, алайда басты басымдықтар тұрақтылық пен тыныштықты сақтау болып қала береді. Біздің алдымызда дамыған 30 елдің қатарына кіру міндеті тұр. Бұған қол жеткізу үшін біз даму қарқынын сақтауымыз қажет. Біздің еліміз қазіргі заманның сын-қатерлері мен сұраныстарына жауап беруге қабілетті болуы тиіс. Ол үшін бізге жасампаз әрімәнді өзгерістер қажет. Сондықатан сабақтастықпен алға өрлеп, әділдік арқылы игілікке қол жеткізу үшін барлығымыз бірге болуымыз керек.

Тараз қалалық қоғамдық Кеңестің төрағасы Қ.Бекболатов

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.