Еңбек қауіпсіздігіне – ерекше назар | arainews.kz

Еңбек қауіпсіздігіне – ерекше назар

830

Дүйсенбі күні Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімдігі еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Серғали Айдапкеловтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Журналистермен жүздесу барысында басқарма басшысы мекеменің жеті айда атқарған жұмыстарын әңгімеледі.
Жалпы, облыста 2018 жылдың 1 тамызындағы көрсеткіш бойынша 12 171 заңды тұлға тіркелген болса, оның 68 пайызы ғана жұмыс істеп тұр. Өңірімізде өткен жылмен салыстырғанда еңбек ұжымдарында жасалған ұжымдық шарттың саны 409-ға артыпты.
– Облысымыздағы әрекет етіп тұрған 292 орта кәсіпорынның 262-сінде, 73 ірі кәсіпорынның 59-ында ұжымдық шарт жасалған. Атқарылған кешенді жұмыстардың нәтижесінде облысымыздағы жұмыс істеп тұрған 6 039 кәсіпорында ұжымдық шарттармен Меморандумдар қабылданды. Нәтижесінде жұмысшылар мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері, әлеуметтік әріптестіктің тетіктері заң талаптарына сәйкес іске асырылуда. Есепті мерзімде басқармаға жеке және заңды тұлғалардан 647 арыз-шағым түсті, – деді Серғали Өмірзақұлы.
Басқарма басшысы өзге бағыттағы жұмыстарға да кеңінен тоқталып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Талғат Нұрханов

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.