Елін ұлы мақсаттарға жетелеген Елбасы | arainews.kz

Елін ұлы мақсаттарға жетелеген Елбасы

328

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының индустриалық-инновациялық дамыту бағдарламасы еліміздегі көптеген кәсіпорындардың әлеуетін арттыруға кеңінен жол ашты.
Біздің «Talas Investment Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – натрий цианидін өндіретін, аталған бағдарлама жүзеге асырылған жетекші кәсіпорындардың бірі болып табылады.
Біздің компанияның 2000-нан астам ұжымы елордамыз Астана қаласының Ұлт көшбасшысының есімімен «Нұр-сұлтан» деп аталуына қолдау білдіреді.
Себебі, қысқа уақыт аралығында арқа төсінде бой көтерген ару қаланың қазығын қаққан да, оған жаңаша келбет сыйлап, баршамыздың сүйікті қаламызға айналуына себепші болған да – Елбасы екендігі ақиқат.
Елімізді әрдайым ұлы мақсаттарға жетелеген Мемлекет басшысына «Халық қаһарманы» атағының берілуі де – өте орынды.
Ұжым атынан Елбасына бірлігі жарасып, бейбітшілік сүйген еліміз үшін зор алғыс білдіреміз!

«Talas Investment Company » жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымы

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.