Елбасы саясатының сабақтастығы | arainews.kz

Елбасы саясатының сабақтастығы

313

Қазақстан Респбуликасының Президенті Қ.К.Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы Елбасы саясатын сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы елімізді әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналдыруды жалғастыруда. Жолдау барысында Президент ішкі саяси мәселелер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелеріне тоқталды. ҚР Президенті Қ.Тоқаев «Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, қазақстандық, яғни Назарбаев моделі деп атады. Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамытудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр», — деп атап өтті.

Президент уәде бергендей саяси трансформация біздің мемлекетіміз бен халқымыздың мүдделерін ескере отырып, бірте-бірте және ұдайы жүзеге асырылатын болады. Әлемдік тәжірибе жарылғыш, жүйесіз саяси ырықтандыру ішкі саяси жағдайдың тұрақсыздануына және тіпті мемлекеттіліктің жоғалуына әкеп соқтыратынын куәландырады. Сондықтан біз саяси реформаларды «алға жүгірмей» жүзеге асырамыз, бірақ дәйекті, табанды және ойластырылған болу керек. Біздің іргелі ұстанымымыз: табысты экономикалық реформалар еліміздің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртусыз мүмкін емес.

«Күшті Президент-ықпалды Парламент-есеп беретін Үкімет» — бұл әлі орын алған факт емес, біз жедел қарқынмен қозғалуға тиіс мақсат. Саяси жүйенің бұл формуласы мемлекет тұрақтылығының негізі болып табылатынын айтты. Біздің ортақ міндетіміз — азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел және тиімді жауап беретін «еститін мемлекеттің» тұжырымдамасын іске асыру. Тек билік пен қоғамның тұрақты диалогы арқылы ғана қазіргі геосаясаттың контекстіне енгізілген үйлесімді мемлекет құруға болады. Сондықтан азаматтық қоғамды қолдау және нығайту, оны шешу мақсатында неғұрлым өзекті жалпымемлекеттік міндеттерді талқылауға тарту қажет. Бұл үшін ротациялық принцип бойынша жұмыс істейтін қоғамдық сенім Ұлттық кеңесі құрылады.

ҚР Президенті «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келді. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек. Бірақ мұндай статусқа қол жеткізуге үшін қажет емес әңгімелерсіз бірге жұмыс істеуіміз керек. Сондай-ақ тіл үлкен саяси құрал екенін ұмытпауымыз қажет», — деп қазақ халқы мен қазақ тілінің мәртебесі туралы сөз қозғады.

Шерулер туралы заңнамаларды жетілдіру мақсатында Конституцияға сәйкес біздің азаматтарымыз еркін білдіру құқығына ие, сондықтан бейбіт шерулер ұйымдастыруға рұқсат беруді тапсырды.

«Егер бейбіт шерулер заң бұзу мен халықтың мазасын алу мақсатында болмаса, шет жақтан емес, арнайы орын ұсынып, митинг өткізуге рұқсат беру керек. Конституцияға сай емес әрекеттер, бұзақылық акциялар заң аясында тоқтатылады», — деді.

Сонымен қатар браконьерлермен күресуге де баса назар аударды. Ол браконьерлікті ұйымдастырылған қылмыстың қауіпті формасы деп атап, үкіметке браконьерлер жазасын қатаңдатуды тапсырды. Азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет басшысы зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейтуді тапсырды. Сот төрелігінің шектен тыс және репрессивті шаралары мен қатал жазалау тәжірибесінен алшақтады. Алайда елімізде көптеген ауыр қылмыс әрекеттері бар.

Біз заңнаманы ізгілендірумен айналысып, азаматтардың негізгі құқықтары туралы ұмытып барамыз. Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тасымалдау, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және жеке адамға, әсіресе балаларға қатысты басқа да ауыр қылмыстар үшін жазаны күшейту қажет деп Үкіметке тапсырма берді. Біз елімізді реформалаудың жаңа кезеңіне қадам бастық. Осы маңызды міндеттерді сапалы орындауымыз керек.

Д.Мамытбеков,

Жамбыл политехникалық жоғары колледжі директорының орынбасары 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.