БҚО-да мас күйінде танысын өлтірген тұрғын 13 жылға сотталды | arainews.kz

БҚО-да мас күйінде танысын өлтірген тұрғын 13 жылға сотталды

1 138

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мас күйінде танысын өлтірген Ақорын Тасқариевке қатысты үкім шығарды.

А.Тасқариев ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылып, ол 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сотталушының әрекеттерінде қылмыстардың қауіпті қайталануы танылғандықтан, жазасын қауіпсіздігі жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу белгіленді.

Аталмыш соттан түскен мәліметке қарағанда, 8 тамыз күні сағат 09.00 шамасында А.Тасқариев Шыңғырлау ауылы С.Датұлы №19 мекенжайындағы үйінің ауласында таныстары Қ.Малтиев, Е.Жұрмағанбетов және Н.Құсалаевпен бірге арақ ішкен.

Арақ ішу барысында Е.Жұрмағанбетов Қ.Малтиевпен сөзге келіп, оның бетінен екі рет тепкен. Қ.Малтиевтің беті қанап, үйге кіріп, ұйықтап қалған. Қалған үшеуі біраз уақыт өткен соң үйге кірген. Сол кезде ұйқыдан тұрып, оларға қосылған Қ.Малтиев қасында отырған Е.Жұрмағанбетовті қайтадан балағаттай берген соң одан А.Тасқариев тынышталуын сұраған. Алайда мұның ескертуін елемегеннен кейін А.Тасқариев қасындағы Е.Жұрмағанбетовке асхана бөлмесінен пышақ алып келуін өтінген. Ол ештеңе ойламастан, пышақты А.Тасқариевке әкеліп берген. Сөзіне құлақ аспағанына ашуланған А.Тасқариев мас күйінде Н.Құсалаевқа: «Нұрлан, қара, қалай адам өлтіру керек екенін» деп, оң жағында отырған Қ.Малтиевтің сол кеудесіне бір рет соққы жасаған. Соның салдарынан Қ.Малтиев дәлізге дейін жүріп барып, көз жұмған.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.