Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ | arainews.kz

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ

38

Сыбайлас жемқорлық заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Ол еліміздің  әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін төмендетеді. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ. Әсіресе, мемлекеттік билік органдарындағы сыбайлас жемқорлық қауіпті.Бұл жағдайда мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдауда беделін түсіретін өкілеттілігінің және қатаң құқықтық есеп берудің, шенеуніктерді қадағалаудың жоқтығынан биліктің монополияға айналуына әкеліп соқтырады.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Азаматтық қоғамның барлық институттарының күш-жігерін біріктіру, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың халықаралық тәжірибесі мен барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі дүние жүзінің мемлекеттері үшін өзекті, ортақ мәселе.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, тәрбиелеу және білім беру шараларын жүйелеу, мемлекеттік аппарат пен бизнес-қоғамдастық өкілдерін парасатты мінез-құлыққа ынталандыру арқылы сыбайлас жемқорлықты мүлдем қабылдамауға қол жеткізілетін болатыны көрсетілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Заңды бұзушылықтардың көбісі мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманы, әкімшілік заңнама мен лицензиялық-рұқсаттық жүйені, тұрғын үй-коммуналдық заңнаманы бұзумен байланысты.Осы бағыттағы шаралар мен көкейкесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жалпы алғанда, қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің азаюы байқалады. Қауіпті құбылыспен күресудегі мәдениетті қалыптастыру бойынша тек құзырлы органдар ғана емес, жалпы қоғам болып атсалысуымыз керек. Адамдардың сыбайлас жемқорлықа көзқарасын түбегейлі өзгерту маңызды.Қоғам үшін күрделі және қауіпті проблеманы шешуден ешкім тыс қалмауы қажет.

 

Ш. Тойшыбеков,

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ –ның

Жамбыл облысы бойынша филиалының Жамбыл аудандық тіркеу және жер кадастры

бөлімінің басшысы 

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.