Бірлескен жоспар аясында жұмыс жүргізілуде | arainews.kz

Бірлескен жоспар аясында жұмыс жүргізілуде

163

21 маусымнан бастап республика көлемінде «Шартты түрде» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Осыған орай, облыстық полиция және қылмыстық атқару-жүйесі департаменті бірлесіп, облыс аумағында қылмыстың алдын алу шарасының өткізілу барысын тағы бір пысықтап алды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, бірлескен жоспар аясында профилактикалық іс-шараның жүзеге асуы оңтайландырылмақ.

— «Шартты түрде» профилактикалық шарасы аясында облыстық Полиция департаментімен бірлескен жоспар құрылды. Жоспарға сәйкес, пробация қызметкерлері жергілікті учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, есепте тұрған адамдардың тұрғылықты мекен жайлары және жұмыс орындары бойынша тексеру жұмыстарын жүзеге асыруда. Шара барысында олармен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы, іс-шараға күнделікті пробация қызметінің және полиция бөлімдерінің қызметкерлерімен қоса, полиция бөлімдерінің кешенді күштері тартылуда, — деді өңірлік ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Қанат Жарылғапов.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.