Бақылау қызметінің бір күні | arainews.kz

Бақылау қызметінің бір күні

195

Қай елдің азаматы болса да, оған қоғам үшін қалтқысыз қызмет етіп, еліміздің тыныштығын қорғау абыройлы қызмет. Бұл орайда қырағы сақшылардың еңбегі ұшан-теңіз. Олар үшін әуелден-ақ темірдей тәртіп пен сақшы қызметі бұлжымас қағидаға айналған. Ал сертке беріктік пен антқа адалдық бұл қызметтің кредосы екені сөзсіз. Осы орайда, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесі бақылау қызмет бөлімінің жұмысы туралы айтсақ дейміз.

Жалпы, бұл бөлімнің басты қызметі — жазасын өтеуші сотталғандар арасында қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың мінез-құлқына бақылау жасау сондай-ақ сотталған азаматтардың тұрғын үй жайларына тінту, тексеру жұмыстарын жүргізу болып табылады. Сонымен қатар, осы бөлімнің бақылаушы қызметкерлері мекеме аумағына кіріп шыққан азаматтарды да тексеру жұмыстарын жүргізеді.

Айта кетейік, бақылау қызметі бөліміне тәулік сайын 6 адам тү­седі. Аталған 6 бақылаушы тәулік бойы қырағы қызмет атқарады. Сақшылар қызметті ауысым бойынша орындайды. Әр ауысым арасындағы уақыт аралығы 24 сағат.

Тағы бір айта ке­терлігі, бақылау қызметі бүгінгі заман та­лабына сай толық бейнебақылаумен жаб­­дықталған. Бұл бір жағынан, қыз­мет­ті мүлтіксіз орындауға жақсы мүм­кін­­дік жасаса, екіншіден, басшы құрамға ба­қылау жүргізуге де ыңғайлы әрі тиімді. Бақылаушы құрамның қыра­ғы қызметтерінің арқасында атал­ғ­ан түзеу мекемесінде тәртіп бұзу­шылықтар мен құқық бұзушылық­тарға жол берілген емес.

Бахтияр Махатов,

ЖД-158/5 мекемесі бақылау қызметі бөлімінің бастығы, әділет аға лейтенанты

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.