Экспорттық бақылау қызметінде кемшіліктер бар | arainews.kz

Экспорттық бақылау қызметінде кемшіліктер бар

181

ҚР Сыбайлас жемқорлққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаменті Жамбыл облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің экспорттық бақылау қызметіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы монгиторинг жүргізіп бірқатар кемшіліктер анықтады.
Кірістер департаментінің ұсынған ақпаратына сәйкес, Меркі және Қордай аудандарындағы өткізу пунктерінде жұмыс жасайтын экспорттық бақылау қызметкерлерінің басым бөлігі Тараз қаласында тұрып, өткізу пунктеріне қатынап жұмыс атқаратындығы белігі болды.
Бұған қоса, мониторингпен аталған қызметкерлерге бюджеттен іссапар шығындары, сондай-ақ қосымша ақылар төленбейтіндігі анықталды.
Бұл өз кезегінде қызметкерлерге қолайсыздық туындатып, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдердің пайда болуына жол ашады.
Мониторинг барсысында Кірістер департаментінің ұсынған ақпараты негізінде, «Қарасу» өткізу пункті арқылы 53 автокөлікті тіркемей өтуіне жол берген экспорттық бақылау басқармасының 17 қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізілмей «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жазаға тартумен ғана шектелгендігі және осы қызметкерлердің теріс қылықтарының себеп-салдары зерделенбегендігі анықталды.
Аталған өткізу пункті арқылы 2019 жылдың 29 — 30 мамыры мен 8-9 маусымында тіркеусіз өткен автокөліктерінің 35-і мемлекетіміздің аумағына енгізілген импорттық тауарлар және оларға ҚР Салық кодексіне сәйкес акциз және қосылған құн салығы төленуі міндетті.
Осы өткізу пункті арқылы өткен 35 жүк көліктерінің тіркелмеу себебі электр қуатының жоқ болуымен байланыстыруы да негізсіз болды.
Өйткені ҚР Ұлттық қауіпсіздігі шекара қызметінің 2038 әскери бөлімінің және Қордай аудандық электр жүйелерінің ақпаратына сәйкес 29 — 30 мамыры мен 8-9 маусымында «Қарасу» өткізу пунктінде электр қуатының болмау фактілері орын алмаған.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері тарапынан мемлекетіміздің аумағына тасымалданған импорттық тауарлардың иелеріне құқыққа сыйымсыз артықшылық көрсеткендігі және тиісті салықтардың бюджетке түспей қалу қауіпі орын алуы мүмкін.
Жины қорытындысы бойынша келесідей ұсыныстар берілді:
1) Өткізу пунктері орналасқан аудандардағы Мемлекеттік кірістер басқармаларына экспорттық бақылау қызметтерін жүктеу немесе экспорттық бақылау басқармасының қызметкерлерінің өткізу пунктеріне жету (жол жүру) шығындарын өтеу;
2) Қазақстан Республикасы аумағына тасымалдаған 35 жүк көлік импорттық тауарларының иелерін анықтау және Салық заңнамаларына сәйкес салық төлемдерінің түскендігіне камералдық бақылау ұйымдастыру;
3) Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бірқатар лауазымды тұлғаларының құқыққа сыйымсыз артықшылық көрсету деректерін зерделеу және Заңнамамен көзделген тиісті шаралар қабылдау ұсынылады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.