Австралияда премьер-министр ауысты | arainews.kz

Австралияда премьер-министр ауысты

167

Мальколм Тернбуллды үкімет басшысы орнында қазынашылық жетекшісі Скотт Моррисон ауыстырды.

Осылайша билік басындағы партиядағы саяси тартыс премьер-министрдің жеңілісімен аяқталып, ол қызметінен кетуге мәжбүр болған. Үзеңгілестері арасында Мальколм Тернбул беделінің түсуіне оның энергетика мен экология салаларында жүргізген саясаты себеп болған. Ол қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды шығаруды күрт шектейтін заңға қол қоюдан бас тартқан еді. Сондай-ақ жаңа премьер-министр Скотт Моррисон иммиграцияға қатысты саясатты күшейтпек. Австралия парламенттік республика болғандықтан, үкімет басшысын билік басындағы партия сайлайды.

 24.kz 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.