Аустралия Премьер-Министрін акула жеп қойған | arainews.kz

Аустралия Премьер-Министрін акула жеп қойған

223

Аустралия Премьер-Министрі Гарольд Холттың 1967 жылы жоғалып кетуі қоғамда үлкен резонанс тудырды. Жер бетінде күніне қаншама адам із- түссіз жоғалып кетіп жатады. Ал, бүтіндей бір елдің Үкімет басшысы суға шомылып жүрген жерінен табылмай кетуі таң қаларлық жағдай еді. Сол кезден бері 50 жыл уақыт өтсе де Гарольд Холттың не өлі-тірі екендігін анықтайтын ешқандай дәйек табылған жоқ.
Виктория штатындағы Чевиотт жағажайына шомылуға барған Гарольд Холтты оның қасында болған төрт досы мұхиттан келген алып толқыннан кейін таппай қалған. Олар артынша полицияға хабарласып, елдің бүкіл әскери құрылымдар аяғынан тік тұрады. Өйткені анау-мұнау емес, Аустралияның басшысы суға кетті. Бұл ел тарихындағы ең үлкен құтқару операциясы болды. Себебі үш күн бойы Гарольд Холтты 200 сүңгуір су астынан іздеген. Бұл жұмыстар кейін де жалғасты. Осылай, құтқару жұмыстарының ауқымды болғанына қарамастан Аустралия Премьер-Министрі сол жоғалған теңіз жағалауынан табылмады. Үкімет басшысының жоғалып кетуіне байланысты кейін түрлі әңгіме тарады. Алайда, теңіз зерттеушілері ақыр аяғында Гарольд Холтты жыл сайын Сарагосса теңізінен Аустралия жағалауына келетін акула жеп қойған деген тоқтамға келді. Өйткені, суға тұншығып, басқа да жағдайлармен өлген кезде оның киімі немесе денесі табылар еді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.