1,5 миллион қазақстандық тауарды интернет арқылы сатып алып жүр | arainews.kz

1,5 миллион қазақстандық тауарды интернет арқылы сатып алып жүр

230

Ағымдағы жылдың 9 айында Қазақстанда пошта және курьерлік қызмет көлемі 24,2 млрд. теңгеге жеткен. Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 7 пайыз көп.

Ең көп қызмет көлемі қаржы орталығына тиесілі. Алматыда — 56 пайыз, 13,5 млрд теңгені құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 1,7 пайыз көп. Астанада «Қазпошта» ұлттық операторы елдегі электрондық коммерцияны белсенді дамыту үшін арнайы база құрған. Осылайша, елордада интернет-дүкендерге көмек көрсету үшін арнайы фулфилмент-орталықтар қызмет етуде. Орталық қызметкерлері тауарды қабылдап, сақтайды, оны буып-түйіп, тұтынушыға жібереді.

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов қазіргі кезде интернет-дүкен ашу үшін сайт ашу жеткілікті екенін атап өтті. Бүгінде Қазақстанда интернет арқылы сатып алушылар саны 1,5 миллион адамға жетіп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға артық.

«Қазпошта» АҚ ІТ және трансформациялар жөніндегі басқарушы директоры Асқарбек Алшанбаевтың мәліметіне сәйкес, Қазақстанда E-commerce шамамен 3 пайызды құрап отыр. АҚШ-та бұл көрсеткіш 15 пайыз, ал Ресейде — 5-6 пайыз. Алшанбаев өсімнің қарқынды жүріп жатқанын және 2-3 жылда Ресей деңгейіне жететінін атап өтті.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.